Тұрғын үй

Министр биыл Қазақстанда қанша үй салынатынын айтты

796
(Жаңартылды 12:08 02.06.2020)
Биыл кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу мақсатында  "Шаңырақ" пилоттық жобасы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Минстрдің айтуынша, биыл 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 150 мың пәтер. Ал 39 мың отбасыға мемлекеттік қолдау жасалады. Жыл басынан бері 25 мың пәтер пайдалануға берілді.

"Сондай-ақ, биыл президенттің тапсырмасы бойынша кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін "Шаңырақ" пилоттық жобасын бастаймыз. Оған 390 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 180 миллиард теңгесі аймақтарда әлеуметтік кредиттік баспананы салуға жұмсалса, 210 миллиард теңге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотекамен беріледі. Осы бағдарламамен жаңа үйлер сатып алынады", – деді Атамқұлов бүгінгі есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,8 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Осылайша, 330 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Ал өткен жылы 13,1 миллион шаршы метр салынып, 116 мың адам баспаналы болды. Соның ішінде  11 мың отбасы және 3 мың жұмысшы жастар жалдамалы пәтерге кірді. 15 мың адам жеңілдікпен ипотека алды. 

Оқи отырыңыз: Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

"Бүгінде әрбір адамға шаққанда пайдалануға берілетін тұрғын үйдің көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл – ТМД аймағындағы ең жоғары көрсеткіш", – деп атап өтті Атамқұлов.

796
Кілт сөздер:
Бейбіт Атамқұлов, тұрғын үй бағдарламасы, тұрғын үй
Тақырып бойынша
Жастарға арналған арендалық баспана: жалақыға қатысты өзгеріс болуы мүмкін
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады
Түркістан облысындағы апат: депутат баспана мәселесін қозғады 
Екі баспана мен 10 миллион теңге: мүфтият мақтааралдықтарға көмек көрсетіп жатыр
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

962
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

962
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

4271
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

4271
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды