Қоғам

Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс

© Photo : Yelena SergiyenkoБабушка с внучкой гуляют по пляжу озера Щучинско-Боровской курортной зоны
Бабушка с внучкой гуляют по пляжу озера Щучинско-Боровской курортной зоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде орындалуы тиіс кез келген алдын алу шарасы адамдардың өз қауіпсіздігі үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Бассейндер, аквапарктер мен жағажайларда әлеуметтік ара қашықтық сақталуы керек. Бассейнге бір мезетте кіргізілетін адамдар саны шектеледі. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бассейндерді ашу қарастырылған. Оларға мынадай талап қойылады: бассейнге кірген әр адамда кемінде бес шаршы метр орын болуы тиіс. Бұл шомылушылар арасында әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді", – деді Есмағамбетова тікелей эфир барысында.

Ол адамдар бассейн аумағына байланысты топ-топ болып кіргізілетінін атап өтті.

Бас санитар дәрігер аквапарктер мен жағажайларда ара қашықтықты сақтау қиынырақ екенін мойындады.

"Дегенмен, біз демалушылар арасында қашықтықты сақтау үшін кез келген жабдықты, шезлонгтарды бір-бірінен 1,5 метр алшақ орналастыру туралы талап қойдық. Жағажайға кіргізілетін адамдар саны оның аумағына байланысты болады. Мұның бәрі қадағаланады", – деп сендірді Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Суға салып, шомылу керек: дәрігер жалбыздың біз білмейтін пайдасы туралы айтты

Бас санитар әлеуметтік ара қашықтық, маска, жалпы кез келген алдын алу шарасы адамдардың өз қауіпсіздігі үшін қажет екенін еске салды.

"Әрине, бәрін бақылау қиын. Себебі, табиғат аясында демалатындар бар, ол жерде ешкім ештеңені қадағаламайды. Бірақ біз вирус жұқтыру қаупі бар екенін түсінуіміз керек. Қазір науқастардың 80%-і ауру белгілері жоқ вирус тасығыштар. Дене қызуы, жөтелі бар адамдарға қарағанда олардың өзгелерге вирус жұқтыру ықтималы шамалы. Десек те олар бәрібір айналасындағыларға қауіп төндіреді", – деді ол.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 11 571 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 5 757-сі жазылып шықты, 41 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0