Қоғам

Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды

© REUTERS / STRINGERМедик в защитном костюме работает с аппаратурой в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме работает с аппаратурой в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы елде коронавирус инфекциясы тарала басталғалы 48 адам қайтыс болды. Ең көп жағдай Алматыда тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым  — Sputnik. Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды. Екеуі Атырау облысының тұрғыны. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сәйкес, Қарағанды облысында 1964 жылы туған, Атырау облысында 1964 және 1951 жылы туған, астанада 1951 жылы туған науқас қайтыс болған.

Бұған дейін Атырауда індеттен көз жұмған науқас тіркелмеген болатын. 

Барлығы елде коронавирус инфекциясы тарала басталғалы 48 адам қайтыс болды. Ең көп жағдай Алматыда тіркелді, 10 адам, Шымкентте -9 адам және астанада - 8 адам. 

Тағы оқыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі

Соңғы ақпарат бойынша барлығы елде 12 067 адам вирус жұқтырған. 6 240 тұрғын жазылып шықты.

 

Жаңалықтар
0