Полиция автокөлігі

Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты

2940
(Жаңартылды 11:31 04.06.2020)
Ал 26 жастағы күдікті Азат Азаматовтың анасы ұлының мас болып көлікке отыруы мүмкін емес екенін айтады

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Алматыда блок бекетте қайтыс болған 26 жастағы полиция қызметкері Дастан Әбдіқановтың әйелі мен анасы жол-көлік оқиғасына кінәлінің өмір бойына жазаланғанын қалайды. Бұл жайында "КТК" телеарнасы хабарлады.

Марқұмның жақындары апат болған күнді еске алды. Айтуынша, қаза тапқан азамат пен күдікті дос болмаған. Тек, бір рет ауысымға бірге түскен. Алайда сол күні блок бекетте не болғаны белгісіз. Ал марқұмның туыстары шындықты анықтауға тырысып жатыр.

Дастанның әйелі сол күні жолдасын жұмысқа шығарып сала алмағанын айтты.

"Күйеуіммен қоштасып та үлгермедім, себебі ол күні мен үйде болған жоқпын, айттың кезі болатын. Бізге қонақтар келді, біз де оларға қонаққа бардық. Шығарып сала алмадым. "Мен таңертең келемін. Бірнеше сағат ұйықтап алған соң екеуміз балаға памперс пен киім сатып алып, массажға апарамыз. Әрі қарай айттап қайтамыз. Туыстардың үйіне барамыз" деп айтты. Осындай жоспарымыз болды", – дейді Динара Аман.

Динараның айтуынша, күйеуі жанжалды ұнатпайтын кісі болған.

"Жанжал, ұрыс-керісті ұнатпайтын, ешкіммен ерегіспейтін адам болды. Қандай жағдайда да шындыққа қол жеткіземін", – деді ол.

Ал Дастан Әбдіқановтың анасы Жанатгүл Әбірова кінәліге әділ жаза қабылдануын талап етеді.

"Үш отбасын ойран етті. Қаншама баланы болашақтан айырды. Қаншама ата-ана, әйел жылап қалды. Бұл үлкен трагедия, менің ұлым енді жоқ. Ол (күдікті – Sputnik) тамақ ішіп, ұйықтап, өмір сүреді. Мен әділ жаза қабылданғанын қалаймын. Қатаң түрде жазаласын", – деді марқұмның анасы.

Ал 26 жастағы күдікті Азат Азаматовтың сол күні қайда бет алғанын анасы да, туыстары да білмейді. Күдіктінің анасы ұлының мас болып көлікке отыруы мүмкін емес екенін алға тартты.

"Менің балам ішпейді, темекі тартпайды. Сенбеймін. Қасақана кісі өлтіру деп ойламаймын. Ешкім олай ойламайды", – деді күдіктінің анасы.

Блок бекеттегі трагедия

25 мамырда Алматы маңында Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшесінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан. Жан түршігерлік жол апатынан екі полицей көз жұмды. Көлік ішінде болған 42 жастағы Жарас Жанғазиев оқиға орнында тіл тартпай кетсе, 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

Сараптама нәтижесінде ережеге бағынбаған күдіктінің ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Ол алты жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен. Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов оның төрт рет сөгіс алып, қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы

Оның үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полицей қазір ауруханада ауыр халде жатыр.

2940
Кілт сөздер:
полицей, апат, Алматы
Тақырып бойынша
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі тағы мәлімдеме жасады
Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

78
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

78
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

31
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

31
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті