Архивтегі фото

"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  

4469
(Жаңартылды 16:28 04.06.2020)
Кез келген адам өзінің смартфоны, ноутбугы немесе планшеті арқылы өзі тіркелген емхананың дәрігерінен тегін кеңес ала алады

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев барлық емханада онлайн қабылдау қызметінің іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл жобаның пайдасы мынада, емханаға барудың қажеті болмайды. Кез келген адам өзінің смартфоны, ноутбугы немесе планшеті арқылы өзі тіркелген емхананың дәрігерінен тегін кеңес ала алады", - деді Әбішев бүгінгі онлайн брифингте.

Тоқаевтың тапсырмасы: министр дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты

Вице-минстрдің айтуынша, жаңа қызмет "телеконсультация" форматында болады. Бірақ Skype, Zoom немесе WebEx сияқты шетелдік бағдарламалар қолданылмайды. Осы іспетті бағдарламаны отандық мамандар жасап шықты. Соның негізінде қазақстандықтар емхана дәрігерінен онлайн режимде кеңес алатын болады.  

"Қазіргі кезде барлығымыз емханада тіркелгенбіз. Әрбір адам өзінің дәрігерін біледі. Дәрігер де оның немен ауыратынын біледі. Себебі медициналық ақпараттық жүйелерде барлық ақпарат бар. Олай болса, емханаға барудың не қажеті бар? Адам онлайн түрде байланысқа шығып, өз шағымын айта алады ғой", - деп атап көрсетті Әбішев.  

Қазіргі кезде жаңа жоба техникалық тексерістен өтіп жатыр. Оны алдымен Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сынақтан өткізеді.  

"Бір аптадай тексергеннен кейін барлық аймаққа таратамыз деген жоспар бар", - дейді Әбішев.

4469
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, емхана
Тақырып бойынша
"Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі
Тоқаевтың тапсырмасы: дәрігердің еңбекақысы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болады
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Денсалық сақтау министрі Алексей Цой

Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті

153
Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "белгісіз пневмония" туралы мәлімдемеден кейін Қытай елшісімен сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала, елші мен жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой – Sputnik) арасында телефон сұқбатын ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді",– деді Ашықбаев онлайн брифингте.

Айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен.

Жуырда Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

153
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Комитет Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Дәрігер, архивтегі фото

Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды

37
(Жаңартылды 13:08 15.07.2020)
Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық аза тұту күні дәрігерлердің көшеге шығып, бір минут үнсіздік рәсімін өткізуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі пандемия құрбандарын еске алу құрметіне флешмоб өткізуді ұсынған жоқ. Бұл әрбірінің азаматтық парызы деп ойлаймын. Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Бюрабекова онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видеоға түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі тек санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырған.

Вице-министр флешмоб үшін жазалау орынсыз деп санайды. Себебі бұл азаматтардың өз бастамасы.

"Олар қайтыс болғандарды құрметпен еске алды, сондықтан, менің ойымша, бұл ретте жазалау мәселесі көтерілмеуі керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қаралы күні Шымкентте дәрігерлер жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқан. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

37
Кілт сөздер:
аза тұту, дәрігерлер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
Бұл сұмдық трагедия – президент кеңесшісі Қазақстандағы жағдай туралы айтты
Тоқаев бірнеше дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды