Қоғам

Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМедик готовит шприц, архивное фото
Медик готовит шприц, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елжан Біртанов кез келген ата-ана балаға екпе салудан бас тарта алатынын жеткізді. Ол екпе салу туралы қазақстандықтарға түсініктеме жасады

АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе салу туралы тағы да түсініктеме берді. Оның айтуынша, вакцинация тек адамның келісімімен немесе балаға қатысты болса, заңды өкілінің рұқсатымен ғана жасалады.

"Тағы бір рет вакцина туралы бар шындықты тыңдауды өтінемін. Адамға екпе салу - аурулардың алдын алуға арналған медициналық қызмет. Ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша тек адамның келісімімен ғана жасалады. Кез келген адам (ата-ана) бас тарта алады", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында

Министр вакцинация жасау халықты эпидемия мен инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз тәсіл екенін еске салды.

"Сондықтан кез келген мемлекет үшін міндетті. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің міндетті шарасы. Егер вакцинация міндетті болмаса, перзентхана мен емхана дәрігерлері де екпе жасамайды", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, мұның салдарынан жылына 4 миллионнан астам балаға гепатит, полиомиелит, туберкулез, пневмония сынды инфекцияларға қарсы мемлекет есебінен тегін екпе салынбайды.

Бұған дейін министр міндетті вакцинацияға қатысты әлеуметтік желідегі пікірталас туралы ойын айтқан болатын. Ол вакцинадан бас тартып жатқандардың саны көп екені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
0