Қоғам

Аптап ыстық, шаңды дауыл – 8 маусымда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Алехандро Мартинез Велез / Медиабанкке өтуГорожане купаются в фонтане, архивное фото
Горожане купаются в фонтане, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер антициклон ықпал ететін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады   

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

Сонымен қатар, еліміздің кейбір өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түседі деп болжанып отыр.  

Дабылды ескерту және өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Жамбыл және Түркістан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

Мегаполистердегі ауа райы

8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында синоптиктер күндіз көшпелі бұлт шығып, сынап бағанасы +28 .. + 30 ° С дейін көтеріледі деп болжап отыр. Түнде ауа температурасы 12-14 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз ауа температурасы + 24..26 ° С, түнде +12 .. + 14 ° С дейін жылынады.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз +32 .. + 34 ° C, түнде +15 .. + 17 ° C.

Жаңалықтар
0