Қоғам

Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ науқастар саны артты

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONСотрудник лаборатории расставляет прбирки с пробами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории расставляет прбирки с пробами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елімізде 3 маусымнан бері COVID-19 инфекциясының клиникалық белгілері жоқ 1 357 науқас анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ науқастар саны артты. Бір тәулікте мұндай 313 науқас анықталды, деп хабарлады республикалық жедел штаб.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған, алайда аурудың типтік белгілері жоқ адамдар жалпы науқастар санынан бөлек есептеледі деп шешті. Елімізде 3 маусымнан бері COVID-19 инфекциясының клиникалық белгілері жоқ 1 357 тасымалдаушысы анықталды.

Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустың симптомдары жоқ науқастардың ең көбі Нұр-Сұлтанда (62 адам), Шымкент (49 адам) және Алматы қаласында (40 адам) анықталды.

Осылайша, Нұр-Сұлтанда коронавирус симптомы жоқ 203 науқас, Алматыда 135, Шымкент қаласында 180 науқас тіркелді.

7 маусымда Ақтөбе облысында ауру симптомы жоқ бір де бір науқас тіркелген жоқ.

Өзге өңірлердегі жағдай

  • Ақмола облысы - 4,
  • Алматы облысы - 9,
  • Атырау облысы - 25,
  • Шығыс Қазақстан облысы -17,
  • Жамбыл облысы - 4,
  • Батыс Қазақстан облысы – 30,
  • Қарағанды облысы - 37,
  • Қостанай облысы - 4,
  • Қызылорда облысы - 2,
  • Маңғыстау облысы - 5,
  • Павлодар облысы - 5,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6,
  • Түркістан облысы 14 ауру белгісі жоқ науқас анықталды.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 12 859 адамда анықталды, 7 376 адам жазылып шықты, 56 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0