Әскерилер, архивтегі сурет

Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

162
Жастар әскери борышын өтеу үшін Шығыс Қазақстан облысына келген, сол жерде олардың індетке шалдыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Коронавирус жұқтырған үш жігіт Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына Шымкенттен келген, деп хабарлайды вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Олардың індетке шалдыққаны тестілеуден кейін анықталды.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді. Олардың арасында әскерге шақырылғандар бар.

1997, 2000 және 2002 жылғы жігіттер әскери борышын өтеуге Шымкенттен келген.

Айта кетсек, Қазақстанда әскерге шақырылғандар коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.

Тағы оқыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Бұдан бөлек, ПТР тестің қорытындысы бойынша Семейдің екі тұрғыны (1960 жылғы әйел және 1948 жылғы ер адам) індетке шалдыққаны анықталды.

Карантин кезіндегі әскери қызмет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізген болатын.  

Азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға дейін ұзартылды. Бұл Қазақстан тарихында алғаш рет болып отыр.

Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты әскери қызметке шақыру және 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылған еді. Төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды.

162
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, әскери борыш, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1531)
Тақырып бойынша
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

29
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

29
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

24
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

24
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті