Архивтегі фото

"Қазақстан" телеарнасының қызметкерлерінен коронавирус табылды

1068
(Жаңартылды 15:41 08.06.2020)
"Қазақстан" телеарнасында 24 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының Алматы филиалында бір адам індетке шалдыққан

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. "Қазақстан" телерадиокешені мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

"Қазақстан" ТРК-де коронавирус инфекциясының 24 жағдайы тіркелді. Кәсіпкерлер палатасында ауру таралған жоқ, тәжірибеден өтіп жатқан бір адамнан инфекция табылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматыдағы "Қазақстан" ТРК Желтоқсан көшесі, 177 мекенжайында, Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан.  

Санитар дәрігерлер "Қазақстан" ТРК-дағы науқастар қызметкерлерге аудандық басқармамен бірлесіп профилактикалық тексеру жүргізу кезінде анықталғанын жеткізді.

COVID-19 жұқтырғандармен, сондай-ақ байланыссыз науқастармен тікелей қарым-қатынас жасаған барлық адам тексерілді, деп нақтылады ведомство.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

Сонымен қатар, "Қазақстан" ТРК-мен бір ғимаратта орналасқан және кіреберісі ортақ "Еуразия бірінші арнасының" қызметкерлері де тексеруден өтті.

Еске сала кетейік, 21 мамырда елордадағы "Қазмедиа орталығында" жұмыс істейтін "Еуразия" телеарнасының екі қызметкері коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

1068
Кілт сөздер:
журналист, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирус белгілері жоқ науқастар саны артты
Қазақстанға шетелден келушілер үшін ереже өзгерді
Коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды
Шымкентте карантин мерзімі 22 маусымға дейін ұзартылды
Жүріп-тұру тағы шектелді: Маңғыстау облысында бүгіннен бастап карантин күшейтілді
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

11
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

11
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

973
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

973
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)