Қоғам

Тергеу изоляторында жеті адамның денсаулығы нашарлады: коронавирусқа анализ алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
7 маусымда тергеу изоляторында жатқан жеті адамның денсаулығы сыр берген, дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Алматы қаласында тергеу изоляторында отырған жеті адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Олардан ПТР-тестке анализ алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 маусым күні жеті адамның денсаулығы нашарлаған, бірден жедел жәрдем  шақырылды.

"Тергеуге алынғандар медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер қарап шығып, қажетті медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, оларда өткір респираторлық вирустық инфекцияның белгілері бар.

Қазір олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің инфекциялық изоляторына орналастырылды. Барлығынан ПТР-тестке анализ алынды.

Комитет бәрінің жағдайы қанағаттанарлық деп сендіріп отыр.

Жаңалықтар
0