Қоғам

Бас санитар дәрігер көкөніс пен жемісті қандай сумен жуу керек екенін айтты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуПрилавок. Архивное фото
Прилавок. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де ыстық сумен жуу керек, дейді Есмағамбетова

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясының азық-түлік арқылы жұғу қаупі жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дәл қазір инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жаз болғасын ішек инфекциялары бар екенін ұмытпау қажет. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де жуып жеу керек, бірақ сабынды сумен емес", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, COVID-19 көбінесе ауа арқылы таралады. Алайда тауардың қаптамасында да инфекция болуы мүмкін. Әзірше, ондай жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен, ғалымдар вирустың пластикте 72 сағат, ал қағаздың бетінде 24 сағатқа дейін сақталатынын жазып жүр.  

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 3 нысан жабылды

"Коронавирустың азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы екіталай. Соған қарамастан, сақтық шараларын сақтау қажет. Тауарды қаптамамен сатып алсаңыз, оны алып тастаңыз. Мысалы, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жуған дұрыс. Себебі вирус жоғары температураға шыдамайды", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Жаңалықтар
0