ақша, теңге

Павлодарда сынып жөндеуге ақша жинаған ата-аналардың басы дауға қалды

507
(Жаңартылды 15:16 10.06.2020)
Ақша жинауға қарсы болып, оның заңға қайшы екенін алға тартқан. Тіпті жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне шағым түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Павлодарлық ата-аналардың Whatsapp желісі арқылы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстарына ақша жинау туралы көтерген әңгімелері әшкереленіп, іске құзырлы орган қызметкерлері араласты, деп хабарлайды Аstanatv.kz.

Қаладағы №9 гимназияда екі бірдей баласы оқитын Вячеслав Литовчинко оқу жылы аяқталысымен 3 мың теңге тапсыруымды талап еткенін айтады. 

"Біз мүлдем ақша тапсырмадық. Олар бізге 1 жыл бойы біздің есебімізден оқып, енді ақша тапсырғыларың келмейді. Ұяттарың жоқ – деп қоқан-лоққы жасады. Мен бұның заңсыз екенін айтып, құзырлы органдарға шағымданатынымды жеткіздім. Содан кейін олар мені топтан шығырып жіберді", – дейді ол.

Ақша тапсырмадың деп жеккөрінішті болған Литовчинко енді балаларын басқа мектепке ауыстыруды ұйғарып отыр. Өйткені, бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де сыныпқа қажетті құралдар алу керек деп ата-аналар ақша жинағанын алға тартады.

Ал ата-аналар комитеті жөндеу жұмыстарына мүлдем ақша жинамағандарын айтып ақталған. 

"Мен бұл мәселені мүлдем түсінбедім. Бізде жөндеу жұмыстарына ақша жинау деген болған емес. Ешкім ешкімнен ақша талап етпеді.  Бұл іске мектептің де, мұғалімнің де еш қатысы жоқ", – дейді ата-аналар комитетінің мүшесі Анжела Велюценко.

Мектеп басшылығы да мұндай бұйрық болмағанын жеткізді. Whatsapp  желісіндегі ата-аналардың тобынан хабарсыз екендерін де айтады. 

"Біздегі басты проблема ата-аналардың мектеп чатынан бөлек жеке чат ашып алғанында болып тұр. Өйткені онда мектептен не мұғалім, не әкімшілік өкілдері кірмейді. Тек ата-аналар өздері ғана отырады екен. Онда біз не болып жатқаны білмейміз. Өйткені, бізді қоспаған. Сондықтан, біз ештеңе білмедік", – деп мәлімдейді мектеп диреткоры Светлана Завальная.

Мәселеге жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері араласқан. Құзырлы мамандар оқу ордасының ата-аналар комитетімен кездесіп, ақша жинау заңсыз екенін тағы бір ескертті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин ата-аналар бұлай ақша жинауды жемқорлық деп ойламауы да мүмкін. Бірақ, бұл тұрмыстық жемқорлыққа жататынын ескертеді.

"Сондықтан, бұл жемқорлықтың басы. Яғни, әр нәрсе кішкентайынан басталатыны секілді қазірден балаларға мәселені ақшамен шешуге болады деген түсінік қалыптастырып алуымыз мүмкін. Сондықтан, әр ата-ана бұның жемқорлық екенін түсінуі керек", – дейді ол.

Мектеп басшылығы да алдағы уақытта ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап қойған.

Оқи отырыңыз: Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

Дейтұрғанмен жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеру жұмыстарын бастап кетті. Олар ата-аналардан заңсыз ақша жинаған тұлғаны анықтап, оны жауапгершілікке тартпақшы.

507
Кілт сөздер:
мектеп, ақша жинау
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды
Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?
Аружан Саин: дәрігерлерді оқытудан гөрі баланы емдеуге ақша жинау жеңіл
Ата-аналардан ақша жинау заңды ма? Жемқорлықпен күрес агенттігінің жауабы
 Архивтегі фото

Алматы Ұланбатыр арасында әуе рейсі ашылды

53
Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және "Хунну эйр" әуе компаниясының басшылығымен бірге Алматы – Ұланбатыр әуе қатынасын ашу туралы конференцияға қатысты.

"Елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтады. 2019 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтанда өткен екі елдің премьер-министрі арасындағы келіссөздер барысында көтерілген әуе қатынасын ашу жөніндегі келісімнің орындалғанын айтты", - делінген ақпаратта.

Бұл әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік саладағы байланыстың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Айта кетейік, 28 қыркүйекте "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұланбатыр – Алматы – Ұланбатыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

Ұшақ қаншалықты жиі ұшатыны әзірге белгісіз. Ол әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін анықталады.     

53
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын ашқан жоқ – ҰҚК
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

2608
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

2608
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ребенок у окна, архивное фото

Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

0
Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баланы сүлгімен ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

2020 жылдың наурызында Ақтөбе облысындағы "Шағала" шипажайының 58 жастағы тәрбиешісі баланы сүлгімен ұрып-соққаны жария болған еді. Сол жердегі баланың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, ал оны ата-анасы әлеуметтік желіде жариялады. Бұл шипажайда туберкулезбен ауыратын балалар оңалтудан өтеді.

Видеода балалардың еденде отырғанын, ал ақ халат киген әйелдің бір баланы сүлгімен ұрғанын көруге болады. Бала жыласа да, әйел оны бірнеше рет ұрған. Басқа балалар да "бізді аяқ киіммен де ұрады" дейді.  

Видео жарияланғаннан кейін шипажайға полиция мен прокуратура қызметкерлері барған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті 

Тергеу барысында тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екені белгілі болды. Оның айтуынша, бала тәрбиешіге тіл тигізген. Содан ашуланып, сүлгімен сабай бастаған.

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталды, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ал шипажайдың хабарлауынша, баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылған.

0
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тәрбиеші
Тақырып бойынша
Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Студент тәрбиешінің балаларды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео