Тайыр Гатауов

"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды

3695
35 жастағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов жол апатына түсіп, қаза болды

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Тайыр Гатауов 36 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Театрдың хабарлауынша, Тайыр Гатауов 10 маусымда көз жұмды. Белгілі әртіс жол апатына түскен.

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы балеттің жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гатауов Тайыр Талғатұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғырып, туған-туыстарына көңіл айтады", - делінген "Астана Операның" Facebook желісіндегі хабарламасында.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары да әртістің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Үлкен қайғы.... Қазақстан дарынды балет әртісін жоғалтты, екі кішкентай қыз әкесінен айырылды. Тайырды бала кезінен, хореографиялық училищеде оқыған кезінен бастап білемін. Көз жасым тоқтар емес. Тайырдың анасы, жары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды Алма Игібаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Opera Theatre (@astana_opera)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров әртісті бала күнінен білетінін жазды.

"Қамшының сабындай ғана қып-қысқа дүние-ай...", - дейді бабаларымыз. Фәни жалғаннан құйрықты жұлдыздай жарқырап өнер әлеміндегі ініміз Тайыр Гатауов өтті. Тайыр бала кезінен көз алдымызда өсті. Әкесі Талғат Ғазизұлы Орал өңіріндегі жетекші хореографтардың бірі болғандықтан, Тайыр кішкене кезінен балет өнеріне іңкәр болды. Қазақстан өнерін халықаралық аренада дәріптеуге жас болса да өлшеусіз еңбек етті. Әкесі мен анасына қайғырып көңіл айтамын. Өмірлік серігі Әсел келінімізге көңіл айтамын. Өте ауыр қаза. Алла Тағала алдынан жарылқасын! Соңында қалған қос қызғалдағына Жаратушы ұзақ ғұмыр бергей! Тайыр ініміз жарқылдаған, мейірімді бауырымыз еді... Бес күн жалған дүние-ай... Қош, Тайыржан", - деп жазды Маемиров.

Тайыр Гатауовтың өмірбаяны

Тайыр Гатауов 1984 жылы Оралда дүниеге келген. А. В. Селезнева атындағы Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген (2003), М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да "педагог-хореограф" мамандығы бойынша (2007) оқыды, Қазақ ұлттық хореография академиясында "өнертану ғылымдарының магистрі" (2018) біліктілігін алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASKHAT MAYEMIROV (@askhatmaemirov)

2003-2013 жылдары Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі болды. 2007 жылы Миландағы Ла Скала театрында тағылымдамадан өтті. 2013 жылдан бастап "Астана Опера" балетінің жетекші солисі.

Көптеген кәсіби марапаты бар.

"Дон Кихотта" - Базиль, "Бақшасарай фонтанында" - Вацлав, "Аққулы көлде" - Зигфрид, "Щелкунчикте" - Щелкунчик-ханзада, "Баядерка" балетінде - Солор, "Спартак" балетінде - Красс, "Ұйқыдағы аруда" - Дезире, "Қарагөзде" - Нарша, "Ромео мен Джульетта" балетінде Ромео секілді әлемдік деңгейдегі күрделі партияларды орындады.

3695
Кілт сөздер:
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Тақырып бойынша
Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлы қайтыс болды
Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі қайтыс болды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды
Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

79
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

79
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

31
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

31
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті