Қоғам

Адам ағзасын Қазақстан аумағынан шығаруға қандай жағдайда рұқсат етіледі

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПересадка донорской почки. Архивное фото
Пересадка донорской почки. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр қайтыс болған адамның органдарын алуға келісімге қатысты норма елімізде 2009 жылдан бастап қолданыста екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағынан адам ағзалары мен тіндері шет елде ем алып жатқан Қазақстан азаматына медициналық көмек көрсету үшін шығарылады. Сенат тиісті түзетулер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралды.

"Кодекс жобасында Қазақстан аумағынан адамның ағзалары мен тіндері тек қана Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсету үшін шығарылатын болады", – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министр қайтыс болған адамның органдарын алуға келісім презумпциясына қатысты норма Қазақстанда 2009 жылдан бастап қолданыста екенін атап өтті.

Айтуынша, органды алуға келісім беруді тіркеу немесе келісімді кері қайтарып алу медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтыс болған адамның органын алу үшін кімнен рұқсат сұрау керек

Кодекс жобасына сәйкес, қайтыс болған адам көзі тірісінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін білдірмесе, онда оның органын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының жазбаша рұқсаты қажет.

Сенат заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Жаңалықтар
0