Алтай Көлгінов

"Ауыр хәлде жатқан азаматтар бар": Нұр-Сұлтан қаласының әкімі үндеу жасады

913
(Жаңартылды 11:35 12.06.2020)
Әкім азаматтық, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру арқылы вирустың таралуына жол бермей, карантин режимінен ертерек өтуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тарихымызда алғашқы рет 3 айдан астам уақыттан бері карантин режимінде өмір сүріп жатқанымызды айтып, қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай кезіндегі қатаң тәртіптің арқасында, өзін-өзі оқшаулаудың нәтижесінде қауіпті кезеңнен өткенімізді тілге тиек еткен ол азаматтардың еркін қозғалысына байланысты қауіп әлі де сейілмегенін алға тартты.

"Бірнеше мәселеге көңіл аударуды сұраймын. Біріншіден, қазір біз байқағанымыздай, ауру жұқтыру ошақтары отбасыларда пайда болуда. Мысалы, балалары, ата-анасы, ата-әжесі де вирусты жұқтырды. Сөйтіп, бүкіл отбасы мүшесін ауруханаға жатқызуға тура келді. Көңіл аударуды талап ететін екінші мәселе, еңбек ұжымдарында ошақтар пайда бола бастады. Соңғы аптада вирус анықталған азаматтардың тең жартысынан көбі - ұжымдардағы азаматтар", – деді Көлгінов.

Ал мамандар отбасы мен жұмыс орнында санитарлық нормалардың, карантин талаптарының дұрыс сақталмауының салдары осындай жағдайға соқтырып жатқанын айтады.

"Сондықтан үш мәселеге көңіл аударуды сұраймын", – дейді Нұр-Сұлтан әкімі.

  • Біріншіден, қоғамдық орындарда, азаматтар көп шоғырланатын жерде міндетті түрде медициналық масканы тағу қажет.
  • Екіншіден, қарапайым гигиеналық нормаларды сақтауды ұмытпауымыз керек. Әсіресе балаларға айтып, отбасымыз бен жұмысымызда да осы тәртіпті бұзбауымыз шартк.
  • Үшіншіден, азаматтар көп шоғырланатын жерге барудың қажеті жоқ және де дистанцияны сақтауға міндеттіміз. Тек, сонда ғана біз вирустан құтыламыз.

"Тәжірибе көрсеткендей, вирус жасқа қарамайды. Дені сау азаматтар да вирусты жұқтырып, өз-өзін емдеймін деп денсаулығын қиындата түсуде. Жас, тепсе темір үзетін азаматтар ауруханаға түсуде. Ауыр хәлде жатқан азаматтарымыз да бар", – де атап өтті Көлгінов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 600-ден астам пациент ауруханада карантинде болса, соның көбінде пневмония анықталған.

"Демек, нағыз қауіпті топқа жататындар. Соның ішінде 34 науқастың денсаулығы ауыр деп бағалануда. Олардың 12-сі жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – деді қала әкімі.

Ол өз үндеуінде карантин басталғалы көптеген мекемені жабуға мәжбүр болып, азаматтар уақытша жұмыссыз қалғанын айтты. Соған қарамай мемлекетіміз қыруар ақша жұмсап, тұрмысы нашар отбасыларға көмек көрсеткен. Орта және шағын бизнес те назардан тыс қалмаған.

Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеуханнан коронавирус табылды

"Барлығымыз айтылған талаптарды орындауға тиістіміз. Біз күнделікті қарап, бақылап жүрміз. Бірақ азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік болу керек. Ендігі ортақ міндетіміз – вирустың таралуына жол бермеу. Қатаң тәртіпті сақтасақ, карантин режимінен ертерек өтеміз", – деді Көлгінов.

913
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, коронавирус, әкім
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (582)
Тақырып бойынша
"Қазақстан" телеарнасының қызметкерлерінен коронавирус табылды
Тұрғымбаев қанша полицей коронавирус жұқтырғанын жариялады
Алматыда телеарна қызметкерлері коронавирус жұқтырды: науқастардың жағдайы қалай
Елімізде коронавирус індетінен қайтыс болғандардың саны артты
Коронавирус індетінен тағы 6 науқас көз жұмды
WhatsApp мессенджері

"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

1027
(Жаңартылды 19:46 05.08.2020)
Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды 

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

1027
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Мемлекет басшысы саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды  
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

4426
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

4426
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты