Қоғам

Қазақстандық әскерилер Жеңіс парадына қатысу үшін Ресейге ұшады

© Photo : пресс-служба Минобороны КазахстанаКазахстанские военнослужащие готовятся к участию в военном параде в Москве
Казахстанские военнослужащие готовятся к участию в военном параде в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Десанттық шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің парад тобы Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге ұшты, содан кейін Звенигородқа ұшуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның десанттық шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Жеңіс парадына қатысу үшін Ресейге ұшады.

Олар Ресей астанасында әскерлердің финалдық дайындығын байқау кезінде Қазақстан атынан шығу құқығына ие болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады 

Десанттық шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері мен Жаяу әскерлер Әскери институтының үшінші курс курсанттарының арасынан үш жаяу парад тобы Қызыл алаңда басқа елдердің әскерлерімен бірге сап түзеп жүруге тілек білдірді.

Олар қалған жеке құрамнан оқшауланған, бөтен адамдар мен туыстарының келуіне шектеу енгізілді.

"Десанттық шабуылдау бригадасы 12 маусымда Ақтөбеге ұшып кетті, сол жерден Звенигородқа (Мәскеу облысындағы қала) ұшу жоспарлануда", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігі.   

24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парад өтеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадына баратынын хабарлады.

Жаңалықтар
0