Ақша, тиын

Қазақстанның көпбалалы аналарына 93,9 млрд теңге жәрдемақы төленді

3934
Биыл көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері көпбалалы аналар мемлекеттен 93,9 миллиард теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың көпбалалы отбасыға 93,9 миллиард теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Мамыр айында 396,5 мың отбасы жалпы сомасы 20,4 миллиард теңге жәрдемақы алды", - делінген министрліктің ресми сайтында.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы

Қазақстанда осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады.

Бұл жәрдемақы табысына қарамастан кәмелетке толмаған 4 және одан көп бірге тұратын немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасыларға беріледі.

Төлем мөлшері 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге дейін (7 бала) құрайды, 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде төленеді.

Тағы оқыңыз: Жұмыссыз қалған 35 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды

8 баласы бар отбасыларға – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға  – 177 792 теңге.

Қазақстан президенті кәмелетке толмаған 8 және одан көп баласы бар отбасыларға жаңа жәрдемақы бекітетін заңға 13 мамырда қол қойған еді. Бұған дейін олардың жәрдемақысы жеті баламен, яғни 77 мың теңгемен шектеліп қалған болатын.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар жанұяларға берілетін жәрдемақы мөлшері төлем тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома осы жылдың шілде айында аударылады.

3934
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Тақырып бойынша
Сегіз және одан көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы бекітілді
Үкімет әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібін өзгертті
Жәрдемақы өседі: Тоқаев маңызды заңға қол қойды
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды
Тұрмысы төмен ресейлік отбасылар балаға бірнеше жәрдемақы алады 
Жәрдемақы көбейеді – сенат ардагерлер туралы заңды қабылдады
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

19
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

19
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

2
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

2
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді