Қоғам

COVID–19: сынама оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек?

© REUTERS / THOMAS PETERМедик расставляет пробирки с анализами на коронавирус
Медик расставляет пробирки с анализами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа алгоритмде жедел жәрдем шақыру туралы нұсқаулық жоқ. Сондай-ақ, жақын күндері ЖРВИ белгісі бар адамдарға арналған нұсқаулық шығады

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда қандай әрекет жасау керектігін жария етті.

Қала әкімшілігі қысқа ғана жаңа нұсқаулық жариялады.

Егер коронавирус инфекциясының оң нәтижесін алсаңыз, сізге:

  • үйде болып, ешқайда шықпау керек;
  • аумақтық емханаға немесе учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, сынама нәтижесі туралы хабарлау қажет.

Емхана дәрігері ауру белгілерінің болуына немесе болмауына байланысты медициналық бақылау жүргізіп, ауруханаға жатқызудың одан кейінгі әрекеттерін нақтылайды.

Аурудың клиникалық белгілері болмаған жағдайда вирус тасымалдаушы адамдар аумақтық емхана дәрігерінің қашықтан қадағалауымен үйде болады.

"Мұндай алгоритмді сақтау қаланың медициналық ұйымдарының ресурстарын ұтымды пайдалану және уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажет", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер коронавирусқа екінші сынама қандай жағдайда алынатынын айтты

Көріп отырғаныңыздай, алгоритмде жедел жәрдем шақыру туралы нұсқаулық жоқ, дегенмен мұндай шара бұрын ұсынылған. Қала билігі жақын күндері ЖРВИ белгілері бар адамдарға қалай әрекет ету керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық шығарылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0