Қоғам

Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области, Валерий Бугаев Заместитель акима Павлодарской области Асхат Оралов
 Заместитель акима Павлодарской области Асхат Оралов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімдік күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Асхат Ораловтың дене қызуы көтерілген. Осыған байланысты ол коронавирусқа тест тапсырды. Сынама оң нәтиже көрсетті", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде әкім орынбасарымен араласқан адамдардың барлығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу шаралары жалғасуда.

"Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері коронавирус инфекциясына тест тапсырып шықты. Оның нәтижесі туралы қосымша ақпарат таратылады", - делінген ресми хабарламада.

Ал облыс әкімі күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Біртановпен араласқан тағы бір министр коронавирусқа тест тапсырды

Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Одан кейін инфекция депутат Бекболат Тілеуханнан табылды. Ал демалыс күндері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Министрде пневмония анықталып отыр.

Жаңалықтар
0