Қоғам

РФ Конституциясына түзету енгізілмек: Қазақстандағы ресейліктер қалай дауыс береді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуГосударственный флаг Российской Федерации
Государственный флаг Российской Федерации - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді мақұлдау мәселесі бойынша бүкілресейлік дауыс беру 2020 жылдың 1 шілдесінде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда тұратын ресейліктер Ресей елшілігі мен консулдықтарында дауыс бере алады.

"Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде, сондай-ақ Алматы, Орал және Өскемендегі Ресейдің бас консулдықтарында учаскелік сайлау комиссиялары құрылды, олардың міндеті – Ресейден тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстанда ұзақ мерзімді іссапарда немесе қызметтік, іскерлік және туристік сапармен жүрген Ресей азаматтары үшін дауыс беруді ұйымдастыру", - деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.

Нұр-Сұлтан қаласында дауыс беру 2020 жылдың 1 шілдесінде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін: Кенесары көшесі, 39 мекен-жайында өтеді. Анықтама үшін телефон - 8 (7172) 32-05-15.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда сенат депутаттарының сайлауы өтетін күн белгілі болды 

Ресейдің Алматы, Орал және Өскемен қалаларындағы бас консулдықтарындағы сайлау комиссияларының жұмысы туралы ақпаратты сайттардан және консулдықтардың байланыс телефондары арқылы алуға болады.

"Ресейлік шетелдік мекемелер эпидемиологиялық қауіптердің алдын алу және коронавирус пандемиясы жағдайында азаматтардың дауыс беруге қауіпсіз қатысуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады. Атап айтқанда, сайлау учаскесінде байланыссыз дене қызуы өлшенеді", - деп хабарлады елшілік.

Азаматтар әлеуметтік қашықтықты сақтап, міндетті түрде бетперде мен қолғап киюі керек.  

Жаңалықтар
0