Қоғам

Қазақстандықтар "Олимпте" коронавирусқа уақытша тест тапсыра алмайды

© Sputnik / Тимур БатыршинПациент коронавирусқа ПТР-тест тапсырып жатыр
Пациент коронавирусқа ПТР-тест тапсырып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа ПТР тестілеу өткізетін "Олимп" республиканың екі мегаполисінде үш күн бойы жабық болады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалары алдағы үш күнде – 19-21 маусым аралығында коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді.

Бұл туралы зертхана сайтында хабарланған.

ПТР анализге материал алу 22 маусымнан қайта жалғасады.

"Құрметті пациенттер, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 маусымнан 21 маусымды қоса алғанда зертханаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты коронавирусқа анализ тапсыру тоқтайды. 22 маусымнан ПТР-тестілеу қайта жанданады", - делінген зертхана сайтында.

Бұған дейін елорданың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда ПТР-тестілеу зертханалары тәулік бойы жұмыс істейтінін, соның салдарынан аппараттар бұзылып, қызметкерлер вирус жұқтырып жатқанын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

"Бүгінде біздің ірі зертханада бір мезетте 20 қызметкер коронавирус жұқтырып, жұмыстан уақытша шеттетілді. Сіздерден бірден байбалам салып, анализ тапсыруға жүгірмеуді  өтініп сұраймыз, мұның қажеті жоқ, тек тиісті нұсқаулықты сақтау қажет", - деген болатын ол.

Жаңалықтар
0