Қоғам

Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам қайтыс болды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 105 адамға жетті. Ал 10 139 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан 5 ер адам адам қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

1962 және 1965 жылы дүниеге келген екі азамат Алматы қаласында, 1956 жылы туған ер кісі Қарағанды облысында, 1980 жылы туған науқас Ақмола облысында және 1988 жылы туған адам Нұр-Сұлтан қаласында көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болды.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 25
  • Алматы қаласы – 17
  • Шымкент қаласы – 12
  • Ақмола облысы – 7
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 5.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 16 351 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Жаңалықтар
0