Қоғам

"Жағдай күрделі": Мамин әкімдер мен министрлерге бірқатар тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салалық ведомстволар жасанды тыныс алу аппараттары мен жеке қорғаныш құралдарының қорын жасап, олардың мемлекеттік материалдық резервте болуын қамтамасыз етуі қажет

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, коронавирусқа қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Соңғы екі аптада барлық дерлік өңірде науқастар саны көбейгенін атап өткен үкімет басшысы, әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық жерлерде әлеуметтік ара қашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, коронавирустың таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін бір апта ішінде дайындауды тапсырамын", - деді Мамин үкімет отырысында.

Министрлік әрбір өңірдегі жағдайды ескеріп, жедел шаралар қабылдауы керек.

Жұмысшылар жеке қорғаныш құралдарымен қамтылуы тиіс

Индустрия, денсаулық сақтау министрліктеріне жеке қорғаныш құралдарының отандық өндірісін ұлғайтуды және халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, жасанды тыныс алу аппараттары мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қорын жасап, олардың мемлекеттік материалдық резервте болуын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Әкімдерге ірі кәсіпорындардың өз жұмысшыларын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуін қадағалауды тапсырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жыл сайынғы халықты иммунизациялау жоспарын орындасын және коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-қимыл алгоритмін жаңартсын. Әрбір әкім коронавирусқа қатысты жағдайды тұрақты жеке бақылауында ұстасын", - деді премьер-министр.

Оқи отырыңыз: Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді

Еске сала кетсек, ведомствоаралық комиссияның шешімімен алдағы демалыс күндері – 20-21 маусымда ірі қалалар мен халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Базарлар мен сауда орталықтары жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды. Саябақтар, жағалаулар мен жағажайлар жабылады.

Жаңалықтар
0