Қоғам

Коронавируспен түседі: Нұр-Сұлтанда бас дәрігер ауруханадан видео жариялады

© AFP 2024 / ALBERTO PIZZOLIКоронавирус жұқтырған науқастың палатасындағы дәрігер
Коронавирус жұқтырған науқастың палатасындағы дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
№1 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері стационардың жұмысы туралы айтып берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде науқастардың дәлізде жатқаны түсірілген видео тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы №1 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Әбдуов провизорлық стационарға видеоэкскурсия жасап, медициналық ұйымда науқастарды қалай қабылдайтынын көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Мен шұғыл қабылдау бөлімінде тұрмын. № 2 пост немесе коронавирус инфекциясының белгілері бар науқастар түсетін провизорлық бекет. Бұл бекет инфекцияның таралуына жол бермеу үшін құрылды", - деді Абдуов. 

Одан кейін бас дәрігер тіркеу бөліміне барды. 

"Мына жерде тіркеу және науқастарды медициналық сұрыптау жүргізіледі. Егер науқас "ауыр жағдайда" және оған шұғыл медициналық көмек керек болса, жансақтау бөліміне жіберіледі немесе қарқынды терапия бөлімінде көмек көрсетіледі", - деп жалғастырды ол.

Оқшаулау бөлмесінде коронавирусқа ПТР-тест жасау үшін мұрыннан жағынды алынып, барлық талдау электронды базаға енгізіледі. Содан кейін пациент оқшаулау бөліміне жатқызылады.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан көз жұмғандар саны 113-ке жетті

Ауруханадағы палаталар 3-4 орынға есептелген.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қала ауруханаларында науқастардың саны күрт көбейді. Дәрігердің айтуынша, олар барлығына қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсетіп жатыр.

Бұған дейін желіде Нұр-Сұлтандағы №1 көпбейінді ауруханада науқастардың дәлізде жатқаны түсірілген видео тараған болатын.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы аурухана лық толып, пациенттер дәлізде жатқанын жоққа шығармады.

"№1 көпсалалы қалалық ауруханада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызуды қажет ететіндердің саны күрт өсті. Апта басында осы аурухананың жұмыс жүктемесі артты. Сондықтан да палаталар босағанға дейін науқастарды дәлізге уақытша орналастырған жағдайлар болды", – деп мәлімдеді басқармадан.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы ауруханаларға күн сайын орта есеппен 500 адам түсетінін айтқан еді. Әрбір екінші науқасқа вирустық пневмония диагнозы қойылады.

Соңғы деректер бойынша, астанада 3 192 адам коронавирус жұқтырды. Бұдан бөлек, ауру белгілері жоқ 985 вирус тасымалдаушы анықталды.

Жаңалықтар
0