Қоғам

Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады

© Photo : Официальный сайт президента РКЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР басшысы Си Цзиньпин
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР басшысы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірген

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады.

Си Цзиньпин Назарбаевтың коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Елбасы сайты.

"Коронавирус инфекциясы өрши бастаған сәттен Қытай мен Қазақстан эпидемияға қарсы жемісті ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бұл Қытай-Қазақстан қатынастарының мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейі мен ерекше сипатын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастық үшін пандемияға қарсы бірлесіп әрекет етудің жарқын үлгісіне айналды", - делінген жеделхатта.

Қытай төрағасы эпидемияны жеңетінімізге кәміл сенетінін айтты. Ал екіжақты қатынас бұдан да нәтижелі дами түседі деген ойда.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат шықты

"Мен сізбен қалыптасқан жақын достық қарым-қатынасты ерекше бағалаймын және шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін, – деді Си Цзиньпин.

Бейсенбі, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Десе де, ол "алаңдауға негіз жоқ" екеніне сендірді.

Айтуынша, тұңғыш президент өзін оқшаулады, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жаңалықтар
0