Қоғам

"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Еліміздегі барша медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Мемлекет басшысы пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деді президент.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, коронавирус эпидемиясы Қазақстанда тарағалы бері 1 904 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Олардың тек 30 проценті ғана вирусты жұмыста жұқтырған.

Жаңалықтар
0