Қоғам

Тоқаев дәрігерлерді орденмен марапаттады

© REUTERS / RITZAU SCANPIXМедик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом
Медик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 маусымда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Тоқаев пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады 

Айта кетейік, 21 маусымда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұған дейін Тоқаев пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірген еді.

"Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Жаңалықтар
0