Қоғам

Тәулігіне мың адамнан анализ алады: Алматыда зертханалар қуаттылығы артады

© AFP 2024 / MOHAMMED HUWAISСотрудник лаборатории исследует образцы анализов на коронавирус
Сотрудник лаборатории исследует образцы анализов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде қаладағы барлық медициналық ұйым қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген және олардың жеткілікті қоры бар

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Алматыда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 маусымнан бастап қалада зертханалардың қуаттылығы артады. Қазір ПТР тестілеу алты арнайы мамандандырылған зертханада жүргізіледі. Бұл орталықта тәуекел тобына жататын адамдар тестілеуден тегін өте алады, сонымен қатар ақылы түрде коронавирусқа тест тапсыруға болады.

"Олимп" зертханасының жұмысы қайта қолға алынатынын атап өткен әкімдік 24 маусымнан "Нұрлы тау" бизнес орталығы жанындағы қоршаулы пункті бар зертхана өз жұмысын бастайтынын мәлімдеді.

"Ал 26 маусымда "Атакент" қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы аумағында тәулігіне 1 мыңға жуық тестілеу жүргізетін жетінші зертхана қызметке кіріседі", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл зертханада күніне 5 мыңға дейін тестілеу жүргізуге болады.

Сонымен қатар Covid-19 жұқтырған науқастарға медициналық көмек қолжетімді болуы үшін 22 маусымнан бастап жедел медициналық көмек аурханасының базасында бұрыннан бар 600 провизорлық төсек-орын жанына тағы да қосымша 300 орын қосылады.

Бірқатар медицина мекемесінде қосымша инфекциялы төсек-орын санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2 компьютерлік томография сатып алынды

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды 9 инфекциялық стационар қабылдауда, ол жерде 1 409 науқас емделіп жатыр. Ішінде 14 науқастың жағдайы өте ауыр, 131 науқас ауыр жағдайда, 937 науқастың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

"Пневмонияны дер кезінде анықтау үшін компьютерлік томографиялық тексеруді ұсынатын емханалардың тізімі жасалды. Ішінде мемлекеттік емханалармен қатар жеке медициналық қызмет көрсететіндер де бар. Тағы қосымша 2 компьютерлік томография сатып алынды. Қаладағы барлық емханада рентгенография кабинеттері жұмыс істеп тұр", - деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Оқи отырыңыз: Тергеу изоляторында жеті адамның денсаулығы нашарлады: коронавирусқа анализ алынды

Коронавирус белгілері жоқ науқастардың жағдайының ауыр не жеңіл екенін анықтау үшін әр емханада арнайы оқудан өткен мобильді топ бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, қаладағы барлық медициналық ұйым қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Олардың жеткілікті қоры бар.

Жаңалықтар
0