Қоғам

Қазақстанда шілдеден бастап кейбір көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, тиын
Ақша, тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін сегіз және одан көп баласы бар аналар тек жеті бала үшін, яғни 77 мың теңгеден астам жәрдемақы алып келген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстанда шілдеден бастап сегіз және одан көп баласы бар отбасылардың жәрдемақысы ұлғаяды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жаңа жәрдемақы төленіп келеді. Бұл жәрдемақы бала санына қарай сараланған мөлшерде беріледі. Десе де, әлеуметтік төлем жеті баламен, яғни 77 951 теңгемен шектеліп қалған болатын.

13 мамырда президент қолданыстағы жәрдемақыны кеңейтуді көздейтін заңға қол қойды. Оған сәйкес, сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Аталған норма 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

Тағы оқыңыз: "Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

"Қазір сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшерін қайта есептеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Шілде айында бұл отбасылар жаңа мөлшердегі жәрдемақы алады. Сондай-ақ, қаңтар мен маусым айлары аралығындағы айырмашылық та төленеді", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы Ғалия Жабагина Sputnik Қазақстанға.

8 және одан көп баласы бар отбасыларға арналған жәрдемақы

  • 8 бала үшін  – 88 896 теңге;
  • 9 балаға – 100 008 теңге;
  • 10 балаға – 111 120 теңге;
  • 11 балаға – 122 232 теңге;
  • 12 балаға – 133 344 теңге;
  • 13 балаға – 144 456 теңге;
  • 14 балаға – 155 568 теңге;
  •  15 балаға – 166 680 теңге;
  • 16 балаға  – 177 792 теңге.
Жаңалықтар
0