Қоғам

Қазақстандағы коронавирус генетикалық жағынан өзгерді – маман пікірі

© REUTERS / NIAID-IRFВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің кеңесшісі себепсіз тест тапсырмау қажеттігін жеткізді. Себебі зертхана мамандарының жұмысы өте көп

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Денсаулық министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова коронавирустың генетикалық жағынан өзгергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде коронавирустың симптомсыз немесе жеңіл түрі жиі тіркеледі. Бұл аурудың генетикалық жағынан өзгергенін көрсетіп отыр. Соның арқасында қазақстандықтар жеңіл ауыра бастады. Бұрынғыдай пневмонияның ауыр жағдайлары аз тіркеледі", - деді Сүлейменова бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда маман симптомсыз жүрген науқастарға кеңес берді. Оның айтуынша, коронавирус тесті оң нәтиже көрсетсе де, аурудың белгілері болмайды. Ондайда үйде отырып, дене қызуын өлшеп тұру қажет.

"Ал демікпе, әлсіздік мен 38 градустан жоғары температура сияқты симптомдар пайда болса, жедел медициналық жәрдем қызметіне хабарласу қажет", - деп атап көрсетті Сүлейменова.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке коронавирусқа байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды

Министрдің кеңесшісі себепсіз тест тапсырмау қажеттігін де жеткізді. Себебі зертхана мамандарының жұмысы өте көп.

Жаңалықтар
0