Қоғам

Атырау облысында бес әйел коронавирустан қайтыс болды

© REUTERS / RITZAU SCANPIXИнтенсивті терапия палатасындағы дәрігер
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індеттен көз жұмған пациенттердің ең жасы – 42 және 44 жаста, ең үлкені – жетпіс жеті жастағы қария

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Атырау облысында коронавирустан тағы бес жергілікті тұрғын қайтыс болды. Өңірде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны он төрт адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Қайтыс болғандардың барлығы – 1978, 1976, 1960, 1943, 1963 жылғы әйелдер", - делінген ресми хабарламада.

Ең жасы – Атырау қаласының 42 жастағы тұрғыны. Ол 18 маусымда екіжақты полисегментарлы пневмонияның ауыр түрімен екінші облыстық ауруханаға түскен. Коронавирусқа алынған анализ оң нәтиже көрсетті.

"Пациент "тік ішектің қатерлі ісігі" диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бұған дейін химиотерапияның үш курсынан өткен. 19 маусымда пациенттің жағдайы нашарлап, 22.30-да клиникалық өлім тіркелді. Қайтыс болғаннан кейінгі диагноз – коронавирус инфекциясы, сепсистік шок, полиорганды жетіспеушілік", - деп нақтылады облыстық басқармадан.

Жылыой ауданы Құлсары қаласының 44 жастағы тұрғыны екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарына 12 маусымда "екіжақты полисегментарлы пневмонияның ауыр түрі" диагнозымен жатқызылды, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі байқалды.

Пациент ауруханаға өте ауыр хәлде түскен. Жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. 14 маусымда диагнозы нақтыланды – "коронавирус инфекциясы". Пневмония септицемия және токсикалық нефрит түрінде асқынды. Бұдан бөлек, әйел семіздікке шалдыққан.

Тағы оқыңыз: "Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты

"Науқастың жағдайы 22 маусым сағат 21:30-да күрт нашарлап кетті, клиникалық өлім диагнозы қойылды", - деді дәрігерлер.

Үшінші пациент – Атыраудың 60 жастағы тұрғыны –  екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарына 21 маусымда екіжақты пневмонияның ауыр формасымен жеткізілген.

"Ауруханаға түскен кезде инфарктен кейінгі күйде болды. Созылмалы аурулары – үшінші дәрежелі артериалды гипертензия және 2 типті қант диабеті болған", - деп мәлімдеді басқармадан.

Ауруханаға мүшкіл хәлде түсті. 22 маусым сағат 06.10-да жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім диагнозы қойылды.

Өлім себебі – өткір жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация, екіжақты полисегментарлы пневмонияның ауыр түрі,  3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Нақтыланған диагноз – коронавирус инфекциясы.

Індеттен қайтыс болғандардың ең үлкені – Атыраудың 77 жастағы тұрғыны. Ол инфекциялық стационарға 18 маусымда "екіжақты полисегментарлы пневмония" диагнозымен түскен.

"Зейнеткерде жүректің ишемиялық ауруы және артериалды гипертензия секілді ілеспе аурулары болды. Пневмония организм интоксикациясы, 3-ші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі түрінде асқынды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке коронавирусқа байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды

Дәрігерлер пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалаған. 22 маусымда қарияның жағдайы нашарлап, 10.30-да клиникалық өлім тіркелді.

Нақтыланған диагноз – "COVID-19".

Жылыой ауданының 57 жастағы тұрғыны ауруханада бір тәуліктен аз уақыт жатты. Әйел 22 маусымда жедел жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілген.

"Бұған дейін өткір респираторлық вирустық инфекция белгілерімен учаскелік емханаға жүгінген. Вирус жұқтырған пациентпен байланыста болған адам ретінде қаралды. Денсаулығын тексеру кезінде өкпесінің 50 проценті зақымдалып, екіжақты полисегментарлы пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бұдан басқа, глаукома ауруы болған, 3 топтағы мүгедек", - деп мәлімдеді басқармадан.

Науқас инфекциялық бөлімшеге интенсивті терапия палатасына ауыстырылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды.

23 маусымда пациенттің жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім тіркелді. Қайтыс болғаннан кейін қойылған диагноз – "коронавирус инфекциясы, тыныс алу жеткіліксіздігі".

Облыста барлығы 1 440 адам коронавирус жұқтырды. 1 134 пациент дертінен айықса, он төрті қайтыс болды.

Жаңалықтар
0