Қоғам

Нұр-Сұлтаннан Ресейдің 55 азаматы арнайы рейспен ұшты – елшілік

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуПассажирский самолет казахстанской авиакомпании SCAT (СКАТ) в аэропорту, архивное фото
Пассажирский самолет казахстанской авиакомпании SCAT (СКАТ) в аэропорту, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дипломатиялық өкілдік қызметкерлері Қазақстан билігіне ресейлік азаматтардың өз отаннына оралуға көмектескені үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Ресейдің 55 азаматы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшып кетті, деп хабарлайды Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.

Бұл рейсті SCAT әуекомпаниясы жүзеге асырған.

"Қазақстандағы Ресей елшілігінің қызметкерлері 55 ресейлік азаматтың өз үйлеріне жетуіне көмек көрсетті. Олар Қазақстаннан 26 маусымда Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытымен ұшып кетті", – делінген елшілік хабарламасында.

Дипломатиялық өкілдік қызметкерлері Қазақстан билігі мен SCAT әуекомпаниясына ресейліктердің отанына оралуына көмектескені үшін өз алғыстарып білдіруде. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға арнайы репатриационды рейс 26 маусымға жоспарланғаны хабарланған болатын.

Ал Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев РИА Новостиге берген сұхбатында арнайы репатриационды автобустар мен рейстер ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс басталғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі

Бүгінге дейін қазақстандық дипломаттардың көмегімен бес мыңнан астам отандасымыз үйлеріне аман-есен жеткізілді.

Жаңалықтар
0