Қоғам

Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото
Шлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекараның ашылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.   

Шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Олег Фисенконың айтуынша, шекарадан өтуге қатысты шектеулер бір-бірте алынады. Бірақ кем дегенде үш көрсеткіш ескеріледі.

"Шекараны ашу және бұрынғы тәртіпті қалпына келтіру мәселесі кезең-кезеңмен кешенді талдаудың негізінде қаралады. Сол кезде кем дегенде үш көрсеткіш ескеріледі. Соның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, халықаралық әуе және теміржол қатынасының қалпына келуі және сол елдердегі эпидемиологиялық жағдай бар", - деді Фисенко бүгінгі онлайн брифингте.

Бүгінде төтенше жағдай аяқталса да, карантинге байланысты шекарадан өтуге шектеулер енгізілген. Оған сәйкес, республикадан тыс жерге себепсіз шығуға болмайды. Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз: Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді

Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне, қатты ауратын туған-туыстарын күтуге баратындар және басқа бірқатар санаттарға тарамайды.

Жаңалықтар
0