Дәрігер құралы, иллюстративті фото

Шетелде емделетіндер шекарада қандай құжат көрсетеді

148
Бүгінде төтенше жағдай аяқталса да, карантинге байланысты шекарадан өтуге шектеулер енгізілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелге емделу үшін шекарадан қандай құжаттармен өтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Шетелге емделу үшін шығатын адамда алдымен дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі болуы керек. Сол жерде науқасты шұғыл емдеу туралы жазылады. Сондай-ақ, шетелдік медициналық мекеменің шақыру хаты болуы шарт. Аудараманы нотариус рәсімдеуі тиіс. Міне, осы екі құжатпен шекарадан кедергісіз өтуге болады", - деді Байғабылов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ұшақпен шығу жағынан ешқандай шектеулер жоқ.

Айта кетейік, бүгінде төтенше жағдай аяқталса да, карантинге байланысты шекарадан өтуге шектеулер енгізілген болатын. Оған сәйкес, республикадан тыс жерге себепсіз шығуға болмайды. Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз кіре алады. Ал шетел азаматтарына республикадан шығуға рұқсат берілген.

Оқи отырыңыз: Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді

Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне, қатты ауратын туған-туыстарын күтуге баратындарға және басқа да бірқатар санаттарға тарамайды. Шетелде оқитын қазақстандықтар да шекарадан кедергісіз өте алады. Бірақ тиісті құжаттарды көрсету керек.

148
Кілт сөздер:
шекара бекеті, шекара
Тақырып бойынша
Досаев шекара заставаларына батырлардың есімін беру туралы ұсынысқа жауап берді
Депутат: шекара бекеттеріне батыр бабаларымыздың есімін беру керек
Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың бағдарламасы әзірленді – видео
Елші: ҚР мен Өзбекстан арасындағы шекара достастық шекарасы болады
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов Елбасыға хат жазып жатыр
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

503
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

503
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

6
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

6
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді