Экономика

Елімізде мобильдік қосымша көмегімен салық төлеу жеңілдейді

© PhotoПокупки через интернет
Покупки через интернет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда көлеңкелі экономика үлесін 2025 жылға қарай 20%-ке дейін төмендету міндеті қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнес үшін салық төлеуге арналған мобильдік қосымша әзірленуде. Бұл туралы қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Салық төлеу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне арналған мобильдік қосымша әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу және Push хабарлама арқылы хабарландыру қызметтері кеңейтіледі", - деді Шолпанқұлов үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, корпоративтік табыс салығы бойынша 1 000 АЕК-тен жоғары көрсеткіштер бойынша шегерімдерді растау мақсатында электронды шот-фактураларды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстанда көлеңкелі экономиканы азайту үшін электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Былтыр 1 қаңтардан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер "Электронды шот-фактуралар" міндетті көшірмесіне ауыстырылды.

Шолпанқұловтың айтуынша, "электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін пайдаланатындардан қосымша 290,2 миллиард теңге түскен.

"2020 жылы болжам бойынша шамамен қосымша 140 миллирад теңге түсім күтеміз", - деді ол.

Сондай ақ, тауарларды таңбалау жүйесі сынақтан өтті. Тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде 2019 жылы кірістер екі есеге артты, ал биыл 1 миллиард теңгеге дейін түсім түседі деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Отандық бизнес жыл соңына дейін салық тексерісінен босатылды

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында ЖІӨ-ге шаққанда көлеңкелі экономика үлесін 2025 жылға қарай 20%-ке дейін төмендету міндеті қойылған.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда.

Жаңалықтар
0