Қоғам

Министр қатаң карантин жайлы: жақын арада түпкілікті шешім қабылданады

© Photo : Служба центральных коммуникацийВице-министр здравоохранения Алексей Цой
Вице-министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі үш негізгі сценарий бойынша эпидемиологиялық ахуалға болжам жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Жақын арада мемлекеттік комиссия қатаң карантин енгізуге қатысты түпкілікті шешім қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, біз карантин немесе қатаң шектеу шараларын енгізудің бірнеше нұсқасын ұсындық. Жақын арада мемлекеттік комиссия түпкілікті шешім қабылдайды", - деді Цой онлайн брифингте.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі үш негізгі сценарий бойынша эпидемиологиялық ахуалға болжам жасаған болатын.

Бірінші сценарий. Ешқандай карантин болмаса, тамыз айының соңына қарай күн сайын вирус жұқтырған 27 мың адам тіркеледі. Инфецкиялық және провизорлық төсек-орынға қажеттілік 300 мыңға жетеді.

Екінші сценарий – көктемдегі сияқты бүкіл республика аумағында екі аптаға қатаң карантин жариялау. Ондай жағдайда ауруханаға тәулігіне 7 000 пациентке дейін түседі. Төсек-орынға қажеттілік тамыздың соңында 80 мыңды құрайды.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді

Үшінші сценарий – республикада төрт аптаға созылатын қатаң карантин енгізу. Тамыз айының соңында тәулігіне 2 500 адамды ауруханаға жатқызу керек болады, ал төсек-орынға қажеттілік 30 мыңға дейін артады.

Министрдің пікірінше, бәрінен де үшінші сценарий тиімдірек.

Жаңалықтар
0