Жедел жәрдем көлігі мен дәрігер

Қазақстанда "корона-такси" пайда болуы мүмкін

158
Министрдің айтуынша, жақын күндері пациенттерді үйде емдейтін мобильді бригалар ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуіне байланысты Қазақстанда "корона-такси" іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елде жедел жәрдем бригадасы мен көліктер тапшылығы қатты сезіліп отырғанын айтты. Соңғы уақытта республикада жедел жәрдем шақырту 1,8 есе өскен. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіпті 2-2,5 есеге жетіп отыр.

"Қазіргі таңда отандық өндірістегі 807 жедел жәрдем автокөлігін жеткізуге келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ, медициналық емес ұйымдардың, автопарктердің көлігін тарту арқылы "корона-такси" енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл әлем елдерінің тәжірибесі. Ұсыныстар ведомстоаралық комиссияның қарауына енгізілді, олар бізді қолдайды деген үміттемін", - деді Цой онлайн брифингте.

Министр халықты тестпен қамту мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, енді шақыртуға шыққан жедел жәрдем бригадалары да коронавирусқа тест жасайды.

Бұдан бөлек, таяуда пациенттерді үйде емдейтін мобильді бригалар ұйымдастырылады.

"Қазіргі жағдайда пациенттерге үйде медициналық көмек көрсету ең дұрыс шешім деп санаймыз. Амбулаторлық-емханалық көмек қашықтан жұмыс істеу форматына ауысады. Учаскелер деңгейінде 3 мыңға тарта мобильді бригада құру жоспарланып отыр", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі өкпені тексертудің арзан жолын атады

Дәрігерлер науқастың үйіне барып, коронавирусқа тест жасайды, кеңес береді, ем тағайындайды, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты рәсімдейді. Сонымен қатар, қашықтан пациенттердің денсаулығын бақылап отырады.

158
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (491)
Тақырып бойынша
Қостанайда жедел жәрдем дәрігерлері екі баланы өрттен құтқарды
Қазақстанда жедел жәрдем шақыратындар саны артты
"Жедел жәрдем үлгермей жатыр": астанадағы жағдай туралы айтылды
Еліміздің бес өңірінде жедел жәрдем шақыратындар саны артты
"Екі науқас жедел жәрдем ішінде өлді" – елді шулатқан дәрігер кешірім сұрады
Отшашу, архивтегі фото

Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма ішкі істер министрлігі жауап берді

232
Бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған талаптар бұзылса ғана жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады, деп түсіндірді вице-министр Калайчиди

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантин кезінде отшашу ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Оның айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Ол жаза Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көрсетілген. Демек, қаулыда жазылған талаптар бұзылса ғана жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ал осы құжатта отшашуға тыйым салу жайында жазылмаған", - деді Калайчиди бүгінгі онлайн брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан қаласында кешегі фейерверкті тамашалаған адамдар да жауапқа тартылмағанын атап өтті.

"Отшашуды тамашалағаны үшін бірде-бір адам жауапқа тартылған жоқ. Фейерверкті көргені үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптар бұзылса ғана жаза қолданылады. Егер ондай жағдайлар анықталса, онда заңды түрде адамды жауапқа тарту мәселесін көтеруге болады. Ал ондай себеп болмаса, жазаға тарта алмаймыз", - деп түсіндірді Калайчиди.

Айта кетейік, бұған дейін 6 шілде күні елорда күнін тойлау отшашумен аяқталған болатын. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желі қолданушылары пандемия кезінде отшашу жасау орынсыз екенін айтып, наразылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді 

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға қатысты сынға жауап берді. Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады. Сондай-ақ, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге тырысқан.

Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ. Ал Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.

232
Кілт сөздер:
отшашу, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
"Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті
Парацетамол

Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

152
Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

"Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - деп толықтырды мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қандай жаза қарастырылған?

Өткен жексенбіде президент азаматтар аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымданып жатқанын хабарлаған болатын. "Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды", - деп атап өтті ол. Мемлекет басшысы үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуді тапсырып, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.  

152
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады
Алматыда парацетамол мен термометр тапшылығы мәселесі қалай шешілді?
Денсаулық министрі алыпсатарлар қанша табыс тауып жатқанын айтты
Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі