Нұр-Сұлтан қаласында Абайға арнап салынған мурал

Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі министр жауап берді

559
(Жаңартылды 13:38 30.06.2020)
Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін түсіріліп бітетін деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай туралы деректі фильмнің қалай түсіріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, фильм түсіріліп жатыр. Ол сараптамалық комиссия мен ведомствоаралық комиссиядан өтті. Бәрі сәтті болды. Қазір олар жұмыстарын бастап жатыр. Аманшылық болса, жылдың соңына дейін аяқталып қалады", - деді Райымқұлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министр пандемия кезінде фильмді түсіру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ.

"Деректі фильм болғасын көптеген нәрселер деректі құжаттардан тұрады. Сондай-ақ қорда бар бейнежазбаларды пайдаланады. Енді бұл бір сәтте жасалатын нәрсе емес. Көптен бері дайындалып жүрген үлкен әрі жақсы жобалардың бірі", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетейік, деректі фильм Абайдың қара сөздері негізінде түсіріліп жатыр. Бұған дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына үш деректі фильм және бір қысқаметражды кино жасалады деген жоспар болған. Бірақ жоспар өзгерді.

Оқи отырыңыз: Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

Сондай-ақ бастапқы кезде барлық мерекелік шараларға бюджеттен 3,2 миллиард теңге (7,2 миллион доллар) бөлінген. Пандемияға байланысты ол да 2,36 миллиард теңгеге (5,3 миллион доллар) дейін қысқарды.

559
Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
Ленинді Абай алмастырды: Қарағандыда он көшенің атауы өзгереді
Абай туралы фильм-операны ресейлік режиссер түсіре ме?
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
"Абай" операсы Мәскеудегі Үлкен театрда сахналанады
Архивтегі фото

Коронавирустан бір аптада 28 адам қайтыс болды

8
Қазақстанда өткен аптада коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім алдыңғы аптамен алыстырғанда азайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 14-20 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір апта ішінде қанша адам қайтыс болды  

  • Алматы қаласы – 2,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 4,
  • Қарағанды облысы – 3,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Салыстыру үшін айтсақ, бұдан алдыңғы аптада індет 37 қазақстандықтың өмірін жалмаған еді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 1 699 адам қайтыс болды.

8
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Министрлік қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ракпен ауыратын қазақстандықтарға емді тоқтату ұсынылды
Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?
Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды
Air Astana ұшағы

Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады

14
Барып-келу үшін билетке 91 800 теңге төлеу керек. Бірінші рейсті 26 қыркүйек күні Air Astana әуе компаниясы орындайды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. 26 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу (Домодедово) бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі жолаушылардың Boeing 767 әуе лайнері арқылы ұшатынын хабарлады.

Әуе компаниясының ресми хабарламасына сәйкес, алғашқы ұшақ сенбіде ұшады, ал кейінгі рейстер тек сәрсенбіде орындалады. Билет құны екі жаққа 91 800 теңгеден басталады.

Компания рейсті тек Ресей мен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана пайдалана алатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Әуе компаниясының мәліметінше, Ресейге барған шетел азаматтары ұшудан 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруы қажет.

Ресейліктер келген кезде сауалнама толтырып, келген сәттен бастап үш күн ішінде тест тапсыруы керек. Ресей астанасы арқылы үшінші елге транзитке уақытша тыйым салынған.

Билеттерді Air Astana ресми сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Қазақстан үшін кейбір елмен тұрақты рейстер, сондай-ақ эвакуациялық рейстер ашылды.

Тұрақты халықаралық рейстер

21 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдердің тізіміне Беларусь, Германия, Египет (чартерлік рейстер), Қырғызстан, Нидерланды, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея кіреді.

Украинаға тұрақты рейстер аптасына екі рет орындалады, бірақ қазақстандықтарға кіруге шектеу қойылған.

14
Кілт сөздер:
ұшақ, Нұр-Сұлтан, Мәскеу
Тақырып бойынша
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті
Қазақстаннан Ресейге ұшатын рейстерге билет сатып алғанда нені білу керек?
Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды