Қоғам

Автобустар жүрмейді: Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

© AFP 2024 / JAVIER TORRESҚорғаныш костюмін киген дәрігер
Қорғаныш костюмін киген дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда орталықтары жұмыс күндері таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін істейді, ал сенбі-жексенбі жабылады, қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Шымкентте карантин мерзімі 20 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысында айтылған.

Шымкентте не жабылады

1 мен 20 шілде аралығында қалада мына нысандар жұмыс істемейді:

  • қоғамдық тамақтану орындары (ашық аспан астындағы дәмханалар мен тамақты үйге жеткізетіндер жабылмайды);
  • мектепке дейінгі ұйымдар;
  • спорт нысандары (құрамаларды Токио Олимпиадасына және Паралимпиада ойындарына дайындау үшін Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын қоспағанда);
  • мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту орталықтары, үйірмелер және тағы басқа);
  • сұлулық салондары, шаштараз, маникюр кабинеттері;
  • монша кешендері, SPA, сауна;
  • нан-тоқаш өнімдерін, фастфуд, балмұздақ, сусын сататын дүңгіршектер;
  • автокөлік жуу (өзіне-өзі қызмет етуге арналған бөлек орындар істей береді);
  • кинотеатрлар, түнгі клубтар.

Сауда орталықтары демалыста жұмыс істемейді

Автосалондар, азық-түлік емес тауарлар сататын сауда орындары, сауда орталықтары, сауда үйлері, химиялық тазалау, кір жуу, шеберхана, ателье, кілем тазалау нысандары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін істейді. Ал демалыс күндері жабылады.

Ашық аспан астындағы дәмханалар жұмыс күндері 9.00-ден 21.00-ге дейін ашық, сенбі және жексенбі жабық болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді

Бөлек тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, минимаркертер мен үй ауласындағы дүкендерге 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қоғамдық көлік

Жұмыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі: енді автобустар 07.00-ден 11.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін жүреді.

Демалыс күндері қатынамайды.

Әдеттегі режимде жұмысын жалғастыратындар

  • медициналық ұйымдар, дәріханалар, процедуралық кабинеттер, коммуналдық қызметтер;
  • жанар-жағармай құю станциясы мен сол маңдағы дүкендер, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, өзіне-өзі қызмет етуге арналған автокөлік жуу орындары.

Пандемия басталғалы бері Шымкентте 3 мыңнан астам адам вирус жұқтырды, 705 пациент жазылып шықты, он бес адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0