Қоғам

Жел күшейіп, бұршақ жауады – 2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуГрад
Град - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, соңы жауын-шашынға ұласады. Тіпті, өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер республиканың басым бөлігінде құбылмлы ауа-райын сақталады – кейбір жерлерде найзағай ойнайды.

"Республиканың солтүстік және орталық өңірінің кебір ауданында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батыс аймақта тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа райы

Күндіз елордада оқтын-оқтын жауған қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматыда ыстық ауа райы күтіледі: күндіз +32 °C, түнде ауа температурасы + 17 – + 19 °C болады. Желдің жылдамдығы: 2-7, желдің екпіні 10 м/с.

Шымкентте + 31 °C, түнде + 22 °C болады деп болжайды. Желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Аймақтардағы ауа райы

Ақмола облысының кейбір жерлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында жел осы шамада күшейіп, Қостанай облысының кейбір аумағында түнде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады.

Қарағанды ​​облысында бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының аумағында желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді немесе одан да жоғары болуы мүмкін.

Түркістан облысында желдің күшеюі 23-28 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер биыл шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты

Алматы облысының кейбір жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Түркістан мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін деп болжануда.

Жаңалықтар
0