Қоғам

Блок бекеттер қайта қойыла ма – үкімет жауап берді 

© Photo : пресс-служба Департамента по делам обороны АлматыБлок-пост по направлению к Талгару
Блок-пост по направлению к Талгару  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалаарлық автобус қатынасы тоқтайды. Ал жеке көлікпен жүруге болады. Үкімет санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай екі аптадан кейін одан да қатаң шаралар енгізуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов екі апталық карантин кезінде блок бекеттерді орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалалар мен аймақтар арасында блок бекеттер қойылмайды. Сондықтан қалаға кіру және шығу үшін ешқандай анықтама алып жүрудің қажеті жоқ", - деді Тоғжанов.

Оның айтуынша, қалаарлық автобус қатынасы тоқтайды. Ал жеке көлікпен жүруге болады. Үкімет санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай екі аптадан кейін одан да қатаң шаралар енгізуі мүмкін. 

Айта кетейік, бүгін мемлекеттік комиссия екі апталық карантиннің талаптарын бекітті. Оған сәйкес, 5 шілдеден бастап біраз нысандар толығымен жабылады:

  • сұлулық салондары;
  • шаштараздар;
  • спорт залдары;
  • фитнес орталықтар;
  • бассейндер;
  • азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар;
  • жағажайлар мен аквапарктер;
  • мәдениет нысандары, музейлер мен көрмелер;
  • ойын-сауық орталықтары мен мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа);
  • сауда ойын-сауық орталықтарындағы ойын-сауық орталықтары;
  • ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
  • діни нысандар.

Жабылмайтын нысандар:

  • медицина орталықтары (алдын ала жазылу бойынша);
  • дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен ашық базарлар;
  • ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;
  • үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
  • халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Ал мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдардың қызметкерлері, кемінде 80 проценті, қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс. 

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
0