Қоғам

Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді

© Photo : Духовное управление мусульманМусульмане в новой мечети Астаны
Мусульмане в новой мечети Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Наиб мүфтидің айтуынша, биылғы Құрбан айт 31 шілдеге түсіп отыр. Бірақ, нақты датасы 10 күн бұрын белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың датасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, биыл Құрбан айт 31 шілдеге түсіп отыр. Алайда нақты датасы он күн бұрын белгілі болады.

"Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша биылғы Құрбан айт, Алла қаласа, 31-ші шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін он күн бұрын жариялап айтатын боламыз", - деді Оңғаров бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекіткен болатын. Алайда, діни мерекелердің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екендігін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды - діни басқарма

 

Жаңалықтар
0