Ақша, теңге

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық жарияланды

27072
(Жаңартылды 18:20 03.07.2020)
Атаулы әлеуметтік көмек алуды жалғастыру үшін құжаттарды жаңартудың қажеті жоқ. Бұл өзгеріс коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізіліп отыр

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. 30 маусымға дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінім берген алматылықтар құжаттарын жаңарту үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне бармай-ақ, автоматты түрде көмек алады. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін қала тұрғындарынан аудандағы бөлімдерге бармауын өтінді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен шындықты, әділетті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек  көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. Соған сәйкес, АӘК тағайындау үшін азаматтар тоқсан сайын құжаттарды қайта тапсыруы қажет", - деді Әлкебайұлы.

Алайда осыжылдың екінші тоқсаны уақытында елде төтенше жағдай жарияланып, аталған көмекті алушымен тікелей байланыс болдырмау мақсатында АӘК тағайындау мерзімі өтініш бермей-ақ, автоматты түрде ұзартылды.

"Қазір коронавирус індеті бойынша жағдайды ескере отырып, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау үшін министрлік АӘК алушыларының екінші тоқсандағы табысы негізінде автоматты түрде үшінші тоқсанға өтініш беруді қарастыратын бұйрық жобасын дайындап жатыр ", - деді ол.

Ол тұрғындардан 30 маусымға дейін жылдың үшінші тоқсанына құжатты қайта тапсыру үшін аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдеріне бармауды сұрады. Аталған азаматтардың өтініштері ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қаралады.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бермеген азаматтар "Электронды үкімет" порталы арқылы "электронды өтініш" парақшасына өтіп, жеке басын куәландыратын құжатты қосып, өтініш бере алады.

Айта кетейік, Алматыда 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін атаулы әлеуметтік көмек 4 419 адамға берілді.

27072
Кілт сөздер:
жаңалықтар, құжат, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (60)
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа карантин жарияланды: 42 500 теңге төлене ме?
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты
Атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалған отбасыларға қатысты тапсырма берілді
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі белгілі болды
Сауыншы жоқ: министр атаулы әлеуметтік көмектің салдарын айтты
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

149
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

149
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1040
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1040
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы