ПЦР-зертхана

Қазақстанда ПЦР-тестке 34 миллион доллар бөлінеді

177
(Жаңартылды 21:03 05.07.2020)
Тегін тестілеуге жұмсалатын қаражаттың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлетіні айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда тегін ПЦР-тест жасауға 14 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

"Бөлінген қаражат емхана, стационар сынды медициналық ұйымдарға үлестіріледі. Медициналық ұйымдар жақын маңдағы зертханалармен келісімшарт жасайды. 14 миллиард теңге қаражат бөлінді", - деді Цой.

Қажет болған жағдайда сақтандыру қоры пулды жаңартады. Көрсетілген тест көлемі қаржыландырылады.

Сондай-ақ, брифингке вице-премьер Ералы Тоғжанов қатысты. Ол дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне тоқталды. Тоғжановтың айтуынша, дәріханаларға антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер жүйелі түрде жеткізіледі. Алайда тұрғындар препараттардың бір айлық нормасын бірден сатып алып жатыр. Салдарынан дәрі тапшылығы мәселесі туындады.

Вице-премьер алдағы уақытта бұл мәселе толықтай шешілетінін айтты.

Тағы оқыңыз: "Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты

177
Кілт сөздер:
коронавирус, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып бойынша
Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді
Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жазаланады 
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

900
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

900
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1836
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1836
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

313
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

313
Кілт сөздер:
қақтығыс