Анализге арналған шыны түтіктер

Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды

174
6 шілдедегі мәлімет бойынша республикада барлығы 48 574 адам вирус жұқтырды. Өңірлер арасында ең көп өсімді Атырау облысы көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда індетке шалдыққан 1 403 адам тіркелді. Оның 814-інде ауру белгілері байқалмайды.

Республикада вирус жұқтырғандар саны 48 574 науқасқа жетті.

Ең көп өсім Атырау облысында – 325, Маңғыстау облысында – 124, Алматыда –  113 тіркелген.

Өңірлер арасында (жалпы статистика/сипмтомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан - 95 / 47
  • Алматы - 113 / 62
  • Шымкент - 84 / 44
  • Ақмола облысы - 32 / 25
  • Ақтөбе облысы - 32 / 16
  • Алматы облысы - 71 / 68
  • Атырау облысы - 325 / 181
  • Шығыс Қазақстан облысы - 96 / 31
  • Жамбыл облысы - 59 / 32
  • Батыс Қазақстан облысы - 103 / 57
  • Қарағанды облысы - 81 / 48
  • Қостанай облысы - 17 / 13
  • Қызылорда облысы - 40 / 12
  • Маңғыстау облысы - 124 / 117
  • Павлодар облысы - 53 / 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 17 / 6
  • Түркістан облысы - 61 / 43.
174
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)
Тақырып бойынша
Қазақстанда ПЦР-тестке 34 миллион доллар бөлінеді
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Архивтегі фото

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  

1012
(Жаңартылды 12:43 13.08.2020)
Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдік Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық тергеу департаменті мен Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағы Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: ҰҚК гаражды жасырын зертханаға айналдырған ер адамды ұстады

Құқық қорғаушылар Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Күдіктілер Ақмола облысында психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ашқан. Ал заңсыз тауарды Нұр-Сұлтан қаласында таратқан.

"Есірткі Интернет желісіндегі "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "закладок" деп аталатын жолмен сатылған.  Тінту кезінде есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен құрал-жабдықтар табылды", - делінген ресми хабарламада.  

Ұсталған адамдар комитеттің тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхананы анықтаған болатын. 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіретін жасырын зертхана ашқан. Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

1012
Кілт сөздер:
операция, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тақырып бойынша
Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады
Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топты ұстады  
Алматы облысында "Нұр жолы" бекетінде сегіз кеденші ұсталды
Жол жиегінде тұрған троллейбустар, архивтегі сурет

Алматы троллейбустан бас тарта ма: Сағынтаев жауап берді

39
(Жаңартылды 10:48 13.08.2020)
Мегаполис әкімі пандемияға байланысты желілерді жаңартуға бөлінген қаражат үш есеге қысқартылғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, "Алматы" телеарнасында Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде троллейбус инфрақұрылымын жаңғырту туралы тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирустың кесірінен барлығына шығындар азайтылды. Бізді троллейбустардың жағдайы қызықтырады. Көбіне байланыс желілері істен шығып, троллейбустар көшедегі қозғалысты жиі тоқтатып жатады. Бәлкім, трамвай сияқты, троллейбустан да бас тартқанымыз жөн болар," - деп сауал қойды қала тұрғыны.

Сағынтаев өз жауабында бұл мәселе күн тәртібінде емес екенін айтты.

"2019 жылы біз олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін байланыс желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау бағдарламасын қабылдадық. Биыл пандемияға байланысты бұл шығындарды біршама төмендеттік, ол жоспарланған 5 миллиардтың орнына 1,7 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде, жыл соңына дейін шамамен 16 көшенің желісі жаңғыртылатын болады", - деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, троллейбус инфрақұрылымын толық жаңғырту, оның ішінде 172 шақырым байланыс желісін ауыстыру 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.

"2020 жылдың соңына дейін Жандосов, Сейфуллин, Қабанбай батыр, Әуезов, Розыбакиев, Жұбанов, Райымбек, Емцов, Қалдаяқов, Пушкин көшесінің бойында, Рысқұлов пен Райымбек даңғылының бойындағы байланыс желісінің тіректерін бөлшектеу және орнату жоспарлануда", - деп толықтырды Сағынтаев.

Айта кетейік, кабельдік және байланыс желілеріне күрделі жөндеу соңғы рет 2000 жылы жүргізілген.

Алматыда троллейбустар қай кезден бері жүреді?

Алматы қаласында алғашқы троллейбус соғыс кезінде – 1944 жылдың 20 сәуірінде іске қосылды. 1960 жылы троллейбус желісінің ұзындығы 34,4 шақырымға жетсе, он жылдан кейін – 151 шақырымды құрады.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: Алматыда троллейбус кептелісі болды

Сағынтаевтың айтуынша, қазір троллейбустардың жалпы саны 194. Алайда, бүгінгі таңда Алматыда күн сайын сегіз бағдар бойынша 160 троллейбус орта есеппен 120 мың адамға қызмет көрсетеді. Айына 2,5 – 3 миллион жолаушы аталған көліктің қызметін пайдаланады.

Ал троллейбус желісінің жалпы ұзындығы 191 шақырымды құрайды.

39
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, қоғамдық көлік, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының саны 80%-ке азайды
Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған
Рухани Жаңғыру

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын өзгеріс күтіп тұр

0
(Жаңартылды 13:43 13.08.2020)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жаңа жағдайға бейімделетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов "Рухани жаңғыру" бағдарламасы заман талабына сай өзгертілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Егер біз санамыздағы пайдасыз қағидаттар мен қажетсіз әдеттерден, тіл мен ділдің қадірсіздігінен, талғамсыз салт пен дарақы дәстүрден дер кезінде арылмасақ, жаңа әлемнің өркениетті жетістіктерінен үмітіміз де аз. Сол себепті қазіргі таңда министрліктің алдында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жаңа жағдайға бейімдейтін бірқатар міндет тұр", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, қазақстандықтардың қазіргі заманғы сын-талаптарына төтеп бере алатын және жеке кәсіби қасиеттерін дамытатын іс-шараларға басымдық беріледі. Осыған орай, бірнеше арнайы жобаның нобайы әзірленді.

"Мәселен, прагматикалық өмір салтын дәріптейтін жоба бар. Бұдан бөлек, ізгілік және тәрбие құндылықтары тұрғысынан өзекті болып отырған "Дәстүр мен ғұрып", елдің құқықтық мәдениетін ашатын "Құқықтық мәдениет", еңбекқорлыққа шақыратын және масылдықтан бас тартуға үндейтін "Еңбек – елдің мұраты" деген бастамалар бар. Әрине, олардың қамтитын тақырыптық шеңбері атауынан әлдеқайда кең", - деп атап өтті Тілепов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа жобалар аясында өскелең ұрпақтың мінезін қалыптастыру, эстетикалық талғамға баулу, тағамтану мәдениетінен бастап музыка мен театр сияқты терең дүниелерді қабылдау, азаматтардың қарапайым құқықтарын қорғай білуі, кәсіп жасау сияқты мәселелер де қамтылады.

"Оған өткенде ел президенті айтқан қоғамның экологиялық сауатын ашу және экомәдениетін көтеру мәселесі де кіреді. Сосын кітап сүйер ұлтты қалыптастыру, әсіресе, мектеп жасындағы балаларды кітап оқуға баулудың маңызы зор", - дейді Тілепов.

0
Кілт сөздер:
Рухани жаңғыру