Қоғам

Ресей Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 2 миллион доллар бөлді

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясы үкіметінің резервінен бөлінген қаражатқа дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынып, Қазақстанға жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ресей үкіметі жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде 150 миллионнан астам рубль немесе 2,079 миллион доллар бөлді. Қаулы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

"2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының халқына жаңа коронавирус инфекциясымен күресуге шұғыл гуманитарлық көмек көрсету мақсатында: РФ үкіметінің резерв қорынан 2020 жылы 150 миллион рубль көлемінде бюджет қаражаты бөлінсін", - делінген ел премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған қаулыда.  

Қаражат дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға жұмсалады.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігіне дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныс құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және Қазақстанға жеткізу тапсырылды. Сондай-ақ бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылап, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін есеп береді.

Сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмекті жеткізуге және тапсыруға көмек көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер қай өңірлерге жіберілетіні айтылды

Бұған дейін Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 жетекші маманнан тұратын делегация Мәскеуден Қазақстанға келгені хабарланған болатын. Олардың арасында жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, реаниматологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар бар.  

Жаңалықтар
0