Қоғам

"Намысымыз қайда?": Тоқаев үкіметке шүйлікті

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы халықты үрей мен қорқыныш билегенін, олар өзіне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоюды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"СҚ Фармация" компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы халықты үрей мен қорқыныш билегенін, олар өзіне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатқанын айтты.

"Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда", - деді ол.

Президент Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейтуді тапсырды.

Тоқаев беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы халыққа емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет екенін атап өтті.

"Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол дәрігерлердің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру өте маңызды міндет екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0