Қоғам

Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПолки с лекарствами в аптеке
Полки с лекарствами в аптеке  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер температура көтерілген жағдайда көбірек су, сорпа, лимон және тосаппен шай ішуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "Астана медицина университеті" ҰАО медициналық жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұрила Малтабарова дене қызуы көтерілгенде не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірінші интоксикациялық кезеңде науқастың дене қызуы 37,5 градустан 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Адам терлеп, бойында әлсіздік пайда болады. Мұндай жағдай бес-он күнге созылуы мүмкін. Бұл кезде ешқандай дәрі ішудің қажеті жоқ", – деді Малтабарова онлайн брифингте.

Ол температура ересектерде 38,5 градустан, ал кішкентай балаларда 37,5 градустан жоғары болса, дене қызуын түсіретін препараттарды қолдануға қажет екенін айтты.

"Екінші респираторлық синдром кезеңі, әдетте үш-төрт аптаға жалғасады. Бұл кезде дене қызуымен қоса, құрғақ жөтел пайда болады. Адам ентігіп, буындары ауыруы мүмкін. Егер анализ лейкоциттердің жоғары екенін көрсетсе, дәрігер антибактериалды ем тағайындайды. Оны дәрігер өзі шешеді", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

Дәрігер температура көтерілген жағдайда көбірек су, сорпа, лимон және тосаппен шай ішуге кеңес берді.

Жаңалықтар
0