Қоғам

Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуПрилавок. Архивное фото
Прилавок. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің пышақты оңды-солды сілтеп жатқанын көруге болады. Бірнеше ер адам оны тыныштандыруға тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан супермаркеттерінің бірінде жанжал шығарып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алды.   

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан әйелдің пышақты оңды-солды сілтеп жатқанын көруге болады. Бірнеше ер адам оны тыныштандыруға тырысады, ал әйелдер жағы бүлінген тауардың ақысын төлеуге тура келетінін айтқан. Бірақ бұл оны одан сайын ашуландырған.  

"Жақындама маған", - деп айғайлап, сөредегі тауарларды лақтырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичная Астана (@astana_tipichka)

Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"10 шілдеде кешкі сағат 18.00-де полицияға Самал  шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйелдің келушілер мен қызметкерлерге пышақ сермеп, балағат сөздер айтып, сөрелерді қиратып, азық-түлікті шашып жатқандығы туралы хабарлама түсті", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұл фактіні растаған. Бұрын сотталған 1990 жылы туған әйел полицейлерге қарсылық көрсеткен.  

"Ол ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді, тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0